«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ -ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, Қоғамдағы корпоративтік басқару келесі қағидаттар негізінде құрылады:

  • Өкілеттіктерді нақты бөлу қағидаты;
  • Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  • Директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан қоғамды тиімді басқару қағидаты;
  • Тұрақты даму қағидаты;
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қағидаты;
  • Корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығыстарын реттеу қағидаты;
  • Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашудағы ашықтық пен объективтілік қағидаттары.

«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ-ның корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік негізінде жүзеге асырылады. Корпоративтік басқару құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тараптардың құқықтары мен мүдделеріне құрмет көрсетуге негізделеді және Қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде құнын арттыруға, қаржылық тұрақтылығын және табыстылығын қолдауға ықпал етеді. 

«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі келесі субъектілер арасындағы өзара қатынастарды қарастырады:

  1. Жалғыз акционер;
  2. Директорлар кеңесі;
  3. Атқарушы орган;
  4. Мүдделі тараптар;
  5. Жарғыға сәйкес анықталатын басқа да органдар. 

«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі мен шешім қабылдау процесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жарғысы және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарымен реттеледі.

Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің бір мүшесі, жалғыз акционер – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан сайланған тәуелсіз директор болып табылады.

«Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің өз функцияларын толыққанды орындауы, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері тарапынан процедуралық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, акционерлердің құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асуына кепілдік беру мақсатында Корпоративтік хатшы қызмет атқарады. 

Корпоративтік хатшының байланыс деректері — Әсел Нұрмұхаметқызы Егізбаева +7 701 728 94 44

Қоғамда тиімді сыртқы және ішкі бақылау жүйесі құрылып, ол «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ Ішкі аудит қызметі арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Қоғамның қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкестігін тәуелсіз аудит компанияларының тұрақты тексерістері қамтамасыз етеді. 

Менеджмент шешімдерінің барынша ашық және негізді болуын қамтамасыз ету мақсатында, «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры» АҚ қоғам қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады, бұл ақпарат қоғамның интернет-ресурсында, сондай-ақ отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.