Ішкі антикоррупциялық комплаенс семинары
2025 жылғы 11 тамызда «ФРОПК» АҚ-да жұмыскерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, мүдделер қақтығысы және іскерлік әдептің өзекті мәселелері бойынша ішкі семинар өтті. Заңнамадағы жаңалықтар, саясаттарымызды қолдану тәжірибесі, сенім телефонының жұмысы, сондай-ақ типтік жағдайлар мен бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.